«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ералы Тоғжанов азаматарды қабылдады.
Қабылдауға бірінші кірген Ақтау қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер Нұрлан Шынбаев Маңғыстау ауданында орналасқан тас карьеріне электр желісін жүргізуге көмектесуді сұрады. Оның өтініші бойынша Е.Тоғжанов «МАЭК-Қазатомпром» ЖШС бас инженері Игорь Черницкий мен басқа жауапты қызметкерлерге жедел түрде талдау жасап, қосымша есеп жүргізу, 2018 жылға подстанция құрылысының жобасын енгізу туралы тапсырма берді.
Мұнайлы ауданының тұрғыны Балбұрыш Әбішева әуежай маңындағы Еспембет қорымының басына апаратын жолдың жолаушыларға қиындық келтіретіндігін айтты. Сондай-ақ қорымға дейін жол салу қажеттігін айтқан ол ауыз су және электр қуатымен қамту мәселесін шешіп беруді сұрады.
Өңір басшысы Б.Әбішеваның өтінішіне орай Түпқараған ауданының әкімі Темірбек Асауовқа әуежайдан Еспембет қорымына дейінгі 1,5 шақырым жолға грейдер төсеуді, электр қуатымен толық жабдықтау үшін қосымша трансформатор қондыруды және ауыз су мәселесінің жаз маусымына қарай мүмкіндігінше шешуді тапсырды.
Ақтау қаласының тұрғын Елена Бидзюра қоғамдық қабылдауға 12 шағынаудандағы №37 және 17 шағынаудандағы №1 көп пәтерлі және кеңсе алаңдары бар тұрғын үйлерге қаржы салған үлескерлердің атынан келді. Ол азаматтардың бұзылған мүліктік құқықтарын қалпына келтіруге көмектесуді өтінді. Сонымен қатар ол осында 13 адам болып балалар орталықтарын ашуды ұйғарғанын және осы мәселенің шешілуіне облыс әкімінің көмектесуін өтінді.
Ералы Тоғжанов Ақтау қаласының әкімін Ғалымжан Ниязов пен облыстық сәулет және құрылыс басқармасының басшысы Найзабек Жайлауға ұсыныс білдіруші үлескерлердің мәселелерін бақылауға алып, құрылыс нысандарының мәртебесін анықтауды, балалар орталығын ашуға мүмкіндігінше көмек беруді тапсырды.
Сондай-ақ Ералы Лұқпанұлы азаматтардың өтініштері негізінде лауазымды қызметкерлерге берілген тапсырмалардың бақылауда болатынын қаперге берді.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА,
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ