Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов қаладағы бірнеше әлеуметтік нысандардарды аралап, 3 шағынаудандағы апаттық деп танылған тұрғын үйлердің жәй-күйімен танысты.
Ақтауда 3 шағынауданда 1991 жылдан бері апаттық деп танылған 19 тұрғын үй болған. Қазіргі таңда аталған үйлердің тең жартысы бұзылып, орнына жаңа тұрғын үй кешендері салынған. Айталық, 2006-2013 жылдары аралығында инвесторлардың қолдауымен 4 үй сүріліп, орнына 240 пәтерлік 4 тұрғын үй тұрғызылған.
Ал 2014 жылы қала әкімдігі арнайы бағдарлама қабылдап, «Құрылысстройсервис» ЖШС-мен келісім жасаған. Мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде серіктестік апаттық үйлерді бұзып, жаңадан үйлер салып, оған апаттық үйлердегі тұрғындарды көшіреді, ал әкімдік сол аумақтың инженерлік желілері мен автомобиль жолдарын реконструкциялайды.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеуінше, бағдарлама 3 кезеңді қамтиды. Бірінші кезең өткен 2016 жылы аяқталған. Осы шағынаудандағы №14 үйдің орнына 100 пәтерлік үйдің құрылысы салынып, апаттық №12, 13, 15, 16, 17 үйлердің (77 пәтер) тұрғындары көшірілген.
Ал бағдарламаның 2 кезеңі 2017 жылы қараша айында аяқталды. №12 үйдің орнына 100 пәтерлік үйдің құрылысы салынып, апаттық №7, 8, 9, 10 үйлердің (64 пәтер) тұрғындары көшірілді. №17 үйдің орнынан коммерциялық тұрғыда 125 пәтерлік үй (№15 үй) салынған. №7, 8, 9, 10 үйлер бұзылуда.
Бағдарламаның 3 кезең 2018 жылдың ІІ тоқсаны мен 2019 жылдың ІV тоқсаны аралығын қамтиды. Бұл уақытта №7, 8, 9 үйлер бұзылып, орнына 100 және 60 пәтерлік үйлер салынып, апаттық деп танылған №2, 3, 4, 5, 71, 72 үйлердің (96 пәтер) тұрғындарын көшіру жоспарланған.
«Әкімдік тарапынан 3 шағынаудандағы ішкі инженерлік желілерді (су құбыры, кәріз құбыры, жылу, газдандыру, электр желісі, телефонизация, абаттандыру және автомобиль жолдары) қайта құрылымдау жүргізілді. Аталған бағдарламаны әрі қарай жандандыру үшін инвесторларды тартуға және инженерлік желілерді модернизациялауды жалғастыруды облыс әкімінің бірнші орынбасары Серік Аманғалиевке, Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязовқа тапсырамын», - деді облыс басшысы Е. Тоғжанов.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ,
Жалғас БӨЛТЕКОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="48418,48417,48416,48415,48414,48413,48411,48410,48409"]