©
Осы жылдың 11 желтоқсанында Жаңаөзен қаласы «Самал» шағынауданы 8 үйінің 1 пәтерінің ас үйі, жуыну, дәліз бөлмесі мен әжетханасының едені жертөлеге опырылып түсті. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы мәліметінше, бұл кезде үйде адам болмаған.
Аталған үй 1969 жылы пайдалануға берілген, 4 қабатты 60 пәтерден тұрады.
Болған жағдайдың мән-жайын анықтау, зерделеу және тиісті шараларды қабылдап қалпына келтіру үшін қала әкімінің міндетін атқарушы И.Сағынбаевтың 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №115 н/қ өкімімен арнайы комиссия құрылды. Комиссия құрамына төтенше жағдайлар, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, сәулет және қала құрылысы бөлімдері және жергілікті полиция қызметі мен «Нұрлан» ЖПИК басшысы енгізілді. Сонымен қатар, Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің өкілі комиссияның құрамына енгізіліп, 13 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласына шақырылған.
https://youtu.be/qYtOSru-CJ412 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласы әкімінің міндетін атқарушы И.Сағынбаевтың төрағалығымен жедел комиссияның отырысы өтіп, бүгінгі таңда «Самал» шағынауданы, 8 үй, 1 пәтер толығымен газ, су, электр қуаты, жылу, канализация жүйелерінен толықтай ажыратылған.
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясының хабарлауынша, ақау актісі мен шығын сметасы жасақталып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пәтердің ауласы толықтай қоршалды.
Ал осы пәтерді жалға алған көп балалы келіншек балаларымен уақытша басқа пәтерге көшірілген.
Мамандар қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін, тұрғын үйдің техникалық жағдайын анықтау үшін арнайы мамандандырылған мекеме сараптама жүргізетінін айтады.
Бейнежазбалар оқырмандардан келді
https://youtu.be/DgA6ztmaReA