Маңғыстаулық полиция қызметкерлері өңірдегі қанға деген тапшылықты жою, қан мен плазма қорын толтыру мақсатында қан тапсырды.
Ақтау ІІБ Жергілікті полиция қызметі 50-ге жуық жол-патрульдік полицейлері облыстық қан орталығына келіп, кешегі Жаңаөзенде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендерге және облыстағы қанға деген қажеттілікті жою мақсатында үлестерін қосуда.
- Ағымдағы жылдың 25 қарашасы күні Жаңаөзен қаласы Теңге ауылында орын алған жол-көлік оқиғасында қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестігімізді білдіреміз. Жеке құрам болып өз қандарын қажет еткен адамдарға беруге ниет білдіріп келдік, - дейді Ақтау ҚІІБ ЖПҚ ЖПП батальоны рота командирі, полиция капитаны Ерғали Искаков.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ
Суретті МО ІДД баспасөз қызметі ұсынды