Қазақстанда "Жылдың ұлттық спорттық жүлдесі - 2017" байқауында үздіктерді анықтау үшін жалпыхалықтық дауыс беру басталды. Жеңімпаздар тоғыз номинация бойынша анықталады.
Бұл жүлденің «Үздік спорттық өңір» сыйлығы бойынша іріктеуге Маңғыстау облысының денешынықтыру және спорт басқармасы қатысып жатыр. Спорт жанкүйерлері мына сілтеме бойынша өтіп дауыс бере алады!
Атап өтерлігі, Ұлттық олимпиадалық комитетінің ұйымдастыруымен үшінші рет өткізіліп отырған жүлдеде биыл алғаш рет дауыс беру мүмкіндігі іске қосылды. Бұған дейін жеңімпаздарды арнайы комиссия таңдап келсе, биыл оларды жанкүйерлердің өздері анықтайтын болады.
Дауыс беру 2017 жылғы 28 қарашаға дейін жалғасады.
Тізімде Маңғыстау облысымен бірге Алматы, Астана қалаларының және ОҚО денешынықтыру және спорт басқармасы да бар.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ
Коллажды дайындаған Ж. БӨЛТЕКОВ
Тағы оқыңыздар: Маңғыстау қазынасы – тарихи мұралар