Тұрмыстық өрттің алдын алу мақсатында Мұнайлы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі облыстық ТЖД ӨҚСБжПҚБ басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп, Мұнайлы ауданы, Атамекен, Дәулет ауылының тұрғын үй секторындағы өрттер мен адам өлімінің алдын алуға бағытталған өрт қауіпсіздігінің сенбілігін өткізді.
Сенбілік барысында №5 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы және «КазТрансГазАймақ» АҚ мамандары, ІІБ, ауыл әкімдігі қызметкерлерімен бірлесіп, жеке меншік сектор тұрғындары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі кемшіліктерге мысал келтіріп көрсетті. Мамандар жылу беру құралдарын қараусыз қалдыруға және оны қарауды балаларға тапсыруға болмайтынын, түтіндіктерді уақытында талазау қажеттігін ескертті. Тұрғындар да өрт қауіпсіздігі туралы сұрақтарын қойып, білікті мамандардың кеңес алды.
"Жылу беру пештерінің авариялық жағдайы, қолдан жасалған жылытқыштарды пайдалану, электр сымдарының ескіруі сияқты бұзушылықтар жиі кездеседі", - Мұнайлы ауданы ТЖБ инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Дәурен Байдуллаұлы.
Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өрттің қауіпті факторлары туралы, оның пайда болуы кезінде өзін-өзі қалай ұстауы, өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен қалай пайдалану керектігін түсіндірді.
"Өрт қауіпсіздік сенбілігін өткізу барысында тұрғындар арасында 94 адам қатысқан 2 жиын өтіп, 57 тұрғын үй аулаларын аралау барысында 428 адам қамтылды. «Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздік ережесін сақтау», «Балалардың отпен ойнауы», «Жылу беру пешін пайдаланғандағы өрт қауіпсіздік ережесін сақтау» тақырыптарына 522 жадынама таратылды. Бұл іс-шара жылыту маусымы біткенге дейін жалғасатын болады", - деп атап өтті Д. Байдуллаұлы.