Қырғызстанның Бішкек қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында ашық турнир өтті. 7-8 қазан аралығында ұйымдастырылған жарысқа 2001-2005 жылы туған 300-ден астам спортшы қатысып, бақтарын сынады. Байрақты бәсекеден маңғыстаулық балуандар, облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері 32 келі салмақта Ернар Нәдірбай мен 55 келі салмақта Дәурен Төлегенов алтыннан алқа тағып, тұғырдың ең биік сатысынан көрінді.
Одан бөлек, 46 келі салмақта Жандос Әбуов пен 66 келі салмақта Қанатбек Аманжолов күміс медальға қол жеткізіп, жерлестеріне жеңіс сыйлады. Сонымен қатар 38 келі салмақта Қуанышбек Көмеков, 70 келі салмақта Әбубәкір Баубек қола медальдің иесі атанды. Қуанышты жаңалықпен балуанды жарысқа дайындаған ҚР еңбек сіңірген бапкері Берік Жұмағалиев бөлісті.
Тағы оқыңыздар: Жаңаөзендік балуан халықаралық жарыста чемпион атанды-Жарыс жоғары деңгейде өтті. Додаға қатысқан шәкірттерім де үміттерімізді ақтап, көңілімізге қуаныш сыйлады. Спортшыларымыздың осындай үлкен жарыстарға қатысуына жағдай жасап, қолдау көрсеткен облыстық спорт басқармасына, облыстық дзюдо федерациясына және облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшылығына алғыс айтамыз,-дейді белгілі бапкер Берік Жұмағалиев.
Венера МИРЛАН