©
«Caspian Youth Forum» халықаралық жастар форумының бүгінгі пленарлық мәжілісінде сөз алған «The Independent» журналының бас экономикалық шолушысы Хэмиш Мак Рай (Ұлыбритания) аталмыш журналдың әлемдік деңгейде сұранысқа ие болуының сырымен бөлісті.
-Ақпаратты, ұсынған дүниеңді жалпақ жұртқа түсінікті тәсілмен беру қажет. Оқырманыңды досың секілді қабылдауды үйрену керек. Қалай жазған дұрыс, ол оқырманға әсер ете ме? Мақаладағы негізгі ойды, жаңалықты қалай түсінеді? Мұның барлығы керемет жауапкершілікті талап етеді. Оны жұрт Лос-Анжелесте немесе Сингапурде отырып оқуы мүмкін. Мысалы, менің сүйікті оқырмандарымның бірі Сингапурде тұрады. Мен ол оқырманыма өзімнің бұрыннан білетін досым секілді қараймын. Сол сияқты оқырман қай жерде болса да ақпаратты түсінетіндей болғаны жөн, - дейді профессор.
Еуропадағы қоғам, экономика және бизнес саласының алдыңғы қатарлы спикерлердің бірі Мак Рей жаһандану тұрғысында өз пікірін де ортаға салды.
Тағы оқыңыздар: Сыбайлас жемқорлықпен күресу — басты міндет-Жаһандану дами берсін, ол дамуын тоқтатпайды деп те үміттенемін. Өйткені оның әлемге пайдасы мол. Мен сіздердің орындарыңызда болсам, диаспораларды көбірек пайдаланар едім. Мысалы, мен өзім британдықпын, алайда Ирландия республикасында туып өстім. Онда 4 миллион ғана халық тұрады. Жалпы әлемде 15 миллион ирландық бар. Соның 4 миллионы ғана елінде тұрады. Қазақстанға да басқа Каспий маңындағы елдермен біраз тәжірибе алмасуға болады. Әсіресе, кішігірім мемелекеттермен. Дамыған елдерге кіші елдерден үйренетін дүниелер бар, - дегенді айтты Хэмиш мырза.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН