Биыл Түркістанда алғаш рет 14 наурызда Көрісу күні болып белгіленіп, Ұлыстың ұлы күнін ерекше атап өтіп жатыр. Атап айтқанда Түркістан төрінде бастау алатын Әз Наурыз мерекесін 14 наурыздан бастады. Бүгіннен бастау алған мәдени-шаралар 9-10 күнге жалғасады. Бұл туралы Айқын газетінің сайты жазды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz. Тоғыз күнге жалғасатын түрлі шаралар аясында өңірдегі этнос өкілдерімен бірлескен концерттік бағдарламалар болады, ұлттық тағамдар тарту етіледі және ұлттық ойындар ұйымдастырылып, өңірдегі кітапханаларда «Менің елім күндей нұрлы Қазақстан», «Наурыз жыл басы» атты тақырыптарда кітап көрмелері өтеді. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="74816,74817,74818,74819"] «14 наурыз – «Көрісу күні» болып белгіленіп отыр. Онда «Көрісіп, күлімдесіп, мауқын басып…», «Менің елім күндей нұрлы Қазақстан», «Наурыз жыл басы» атты тақырыптарда мәдени іс-шаралар мен кітап көрмелері және танымдық кештер ұйымдастырылады. 15 наурыз «Тағзым күніне» орай дүниеден өткен азаматтардың рухына құран бағышталып, құрбандық шалынады. Бұл күні мерекелі, берекелі Наурыз той», «Наурыз – жыл басы» атты мәдени іс-шаралар аталып өтіледі», – деді Түркістан облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірханұлы. 16 наурыз «Тазару күні» болса, 17 наурыз «Көктем шуағы күніне» байланысты спорттық ойындар, 18 наурыз «Көктем өрнектері күні» деп аталып, қоғамдық көліктер мен мемлекеттік мекемелерді және көшелерді мерекеге сай безендіру қолға алынбақ. 19 наурыз "Балалар күні", 20 наурыз «Бірлік күні» болып белгіленген.
Суреттерді Т.Бейсенов ұсынды
https://www.instagram.com/p/Bu-_j6rAzHu/