©
Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасы қылмыстық топты ұстады. Мамандар 2018 жылдың мамырынан желтоқсанына дейін тексеріс жүргізген. 5 адамнан құралған ұйым Ақтау қаласы аумағында ірі мөлшерде есірткі затын (героин) жеткізумен және сатумен айналысқан. Кешенді жедел-іздестіру шаралары барысында есірткі затын жеткізуді қамтамасыз еткен қылмыстық топтың басшысы анықталды. Қалған 4 мүшесі – Ақтау қаласының тұрғындары. Олар героинді бөлшектеп және ірі көлемде сатқан. Түскен қаржыны жаңа тауар алу үшін басшыларына беріп отырған. Қазір ұйымның барлық мүшесі қамауға алынды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 297 бабы бойынша (ірі көлемде есірткі, психотроптық заттарды ұйымдасып сату, дайындау, қайта өңдеу) іс тіркелді. Топ басшысына ҚР ҚК 262 бабының 1-тармағымен (ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу), қалған мүшелеріне ҚР ҚК 262 бабының 2-тармағымен (ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу) іс тіркелді. Ақтау қаласы аумағына сатуға арналған героиннің 400 дозасы тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.