©
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының жұртшылық өкілдерімен кездесу кезінде Әбіш Кекілбайұлы музейін сапалы және уақытында аяқтауды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың Туиттердегі парақшасына жарияланды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. "Қазір Әбіш Кекілбаев музейі салынып жатыр. Облыс әкіміне құрылыс жұмыстарын сапалы және уақтылы бітіруді тапсырамын. Мерейтойды біз тұтас ел болып, жоғары деңгейде атап өтеміз", - деді Президент. Мемлекет басшысы Әбіш Кекілбаевтың қазақ әдебиетінде ғана емес, тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы орнына тоқталды. «Киелі өлкеден шыққан айтулы тұлғаларды барша халқымыз жақсы біледі. Солардың бірегейі - заңғар жазушымыз, мемлекет қайраткері, қазақтың абызы атанған Әбіш Кекілбаев», - деді Тоқаев.