Ақтауда Қазақстанның халық жазушысы, ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Қыз-ғұмыр» атты кеш өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. https://youtu.be/3m8H9ZOLAYw Маңғыстау облыстық М. Өскінбаев атындағы филормонияда өткен концертте жастар ақынның «Қыз махаббаты», «Қыз сөзі», «Шығыстағы ару қыз», «Парсының сұлулары», «Әйел тілегі», «Әйелдің монологы», «Қызыл тымақты қыз», «Қыз-ғұмыр» сияқты өлеңдерін оқыды. https://youtu.be/l7YLpbS93Do Фариза ақынның rөптеген жырына қазақ сазгерлері әуен жазып, өлеңдері әнге айналған. Кеште Ақмарал Ерімбетова ақынның сөзіне жазылған, Айтқали Жайымовтың музыкасымен көмкерілген «Махаббат оты сөнбейді» әнін орындаса, Оспан Құлсымақ «Маңғыстауды» шырқады. https://www.youtube.com/watch?v=UUcMDEUvDnQ Кешке келген көрермен Ф. Оңғарсынованың өмір жолын баяндайтын деректі фильмді тамашалап, рухани сусындап, ерекше көңіл-күймен тарқасты. Фариза Оңғарсынова – жүректерді жан жылуымен ерітіп, поэзия әлемінің биік шыңын бағындырып, қазақтың сөз өнерін биік белеске шығарып, поэзияға жаңа леп әкелген ақындардың бірі. https://youtu.be/p0Lud90p0Yo Ол туралы әйгілі қаламгерлер «Қызша киінген Махамбет» дейтін. Оның өлеңдері кешегі дауылпаз Доспамбет, Шалкиіз, Қазтуған, алдаспан Ақтамберді, Махамбеттерден қалған аруақты да арынды жырдың жалғасы еді.
Суреттер мен видеоларды түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="77501,77500,77499,77498,77497,77496,77495,77494,77493,77492,77491"]