©
– Біз жаһандану дәуірінің қилы кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Қоғамдағы ұлы өзгерістер тұтас ұлттың мәдени жаһандануына алып келуде. Өзгермейтін бір-ақ нәрсе бар. Ол – ұлттық код!
Бүгін «Caspian Youth Forum» халықаралық жастар форумының пленарлық отырысында алғаш сөз алған Астана қаржы орталығы атқарушысы АҚ басқармасының директоры Саясат Нұрбек осылай деді.Оның айтуынша, қазіргі таңда жастардың шетелге шығып, өзге жұрттың кәсібі, білім, өмір тәжірибесімен танысу мүмкіндігі жоғары. «Шетелге барғанда Қазақстан азаматы олардың тұрмысына, күнделікті қолданыстағы бұйымдарына таңданыспен қарамайды.
– Әлемнің қай қаласында болмасын, белгілі дүкендер мен "Mc Donalds" сияқты танымал тағамдар желісі бар. Дамыған елдердің техникасын біз де ақырындап меңгеріп келеміз. Ең алдымен, қазақты танығысы келген әрбір шетелдік «Бұл ұлттық мәдениеті қандай? Өмір сүру салты мен ғұрпы қандай? Әдебиеті қалай дамыған? Ұлттық кодының ерекшілігі неде?» деген сұрақтарға жауап іздейді, – дейді Саясат Нұрбек.
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов ұлттық код хақында терең ой қозғап, Маңғыстау тұрғындарының мәдени құндылықтары туралы қадап айтты:– Маңғыстау – әулиесі көп, киелі орынға бай мекен. Кеше ғана Маңғыстауға 7 мемлекеттен келген 250 турист Каспийде демалуға қызыққан жоқ. Олар үшін Маңғыстаудың тау-тасы, этнографиясы, киелі орындары мен қасиетті мекендері, 19 жер асты мешіті, Бозжыра, Кетікқала, Қызылқала, Шерқала сияқты аңызға айналған мекендер қызығырақ.Әлемде туризмі дамыған 36 мемлекетті салыстырып қарасақ, әйгілі деген туристердің өзі алып мұхиттар мен теңіз-көлге баруды арман етпейді. Олар бұрынғы заманда өмір сүрген адамдар мен жануарлардың кішкене ғана сүйегін тауып алып жатса, үлкен сенсация деп атап, айналасына, ұрпақтарына таратуды мақсат етеді. Сол себепті, біз Маңғыстаудың еш елге бергісіз рухани байлығын бағалай білуіміз керек, – деді Ералы Лұқпанұлы.
Айгүл ДӘДЕН
Тағы оқыңыздар: Дамыған елдердің кішігірім елдерден үйренері көп