©
Жастардың қызығып ойнайтын, көрерменнің тамсана тамашалайтын «Жайдарман» ойыны жалынды жастардың тағы да басын қосты. Өңірде өтіп жатқан Каспий маңы елдерінің І халықаралық жастар форумы аясында облыс орталығында «Жайдарман» көңілді тапқырлар ойыны өтті. «Абай» мәдени-демалыс кешенінде өткен «Жайдарман» ойындарын тамашалауға келген көрерменнің қарасы көп болды. Кешті Қазақстан КВН одағының президенті Есен Елеукен жүргізді.
«Жайдарман» ойындарына Шымкенттен-байдың балалары, Маңғыстаудан Боранқұл, Қызылорда, Қазиту-Орал командалары қатысып, Маңғыстау облысы әкімінің кубогін сарапқа салды. Олардың өнерін «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаев, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жастар саясаты департаментінің басшысы Ғабидолла Оспанқұлов, азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басшысы Нұрлан Өтешов, Қазақстан КВН Одағы Маңғыстау облысы филиалының басшысы Дәулет Сағынтаевтан құралған қазылар алқасы бағалады.
Тартысты өткен әзіл додасы көрерменнің көңілінен шығып, керемет көңіл-күй сыйлады. Әзіл-шыны аралас тақырыптар арасында көбінесе Головкиннің жеңісі, ағаш отырғызу мәселесі, еліміде өткізілетін спорттық бәскелер, газ мәселесі көтерілді.
Тағы оқыңыздар: Жолды қысқартамын деп өміріңізді қысқартып алмаңыз!Ұтымды қалжың, өткір әзілмен ерекшеленген, көреременнің ерекше ықыласына бөленген шымкенттік байдың балалары бірінші орынды қанжығаларына байлап, 400 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Екінші орыннан маңғыстаулық Боранқұл командасына көрінсе (300 мың теңге), үшінші орынға Қызылорда командасы (200 мың теңге) тұрақтады. «Үздік ойыншы» аталымымен Қазиту-Орал командасының мүшесі Ғабдол Тілеков (100 мың теңге) марапатталды.
Венера МИРЛАН,
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="36604,36612,36615,36609,36611,36607,36613,36614,36602,36610,36605,36617,36606,36623,36608,36616,36603"]