©
Ақтауда «Экологиялық заңнаманы қолданудың сот практикасы» тақырыбында семинар өтіп жатыр. Бүгін - семинардың алғашқы күні. Отырыста қоршаған ортаны қорғау, экологиялық сараптама, заңнамаларды сот тәжірибесінде қолдану мәселелері бойынша баяндамалар тыңдалып, талқыланды.
«Қолдау-Экология» мамандандырылған орталығының жетекшісі Әділбек Қозыбақов өз баяндамасында өңірдің экологиялық мәселелері мен олардың алдын-алу шараларына тоқталды.
- Үстірт қорығының оңтүстік шекарасында Қансу газ кенішін дамыту жоспарланып отыр. Ал «ҚМГ Қансу-Оперейтинг» ЖШС келісімшарттық аумағы Кендірлі-Қаясан мемлекеттiк қорығы аймағын қамтиды. Сарапшылардың зерттеуінше, кен орнын игерудің нәтижесінда қорық ландшафтының бұзылуы, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың (киік, бал борсық, қарақал, дала бүркіті, қарақұйрық т.б.) жойылу қаупі төнуі мүмкін. Бірақ бүгінгі күні ешқандай бақылаушы орган қордың шекарасында газ өндіруге тыйым салғысы келмейді. Енді 10-15 жылда газ таусылады, ал қорық аумағындағы пейзаждар тартымдылығын жоғалтып, жайылымдар жабайы тұяқтылар мен малға жарамай қалады.
Нәтижесінде Аққұдық және Сенек ауылдарының тұрғындары туған ауылын тастап, өмір сүру үшін қолайлы жерлерді іздеуге мәжбүр болады. Мемлекет оларды тұрғын үймен және жұмыспен қамтамасыз ету үшін миллиардтаған доллар бөлуіне тура келеді, - дейді Әділбек Қозыбақов.
Тағы оқыңыздар: Орамалды оқушылардың оқыс қылығы Жаңаөзендегі білім саласын әбігерге салып жатырӨз ұсыныстарын ортаға салған орталық жетекшісі қоршаған ортаны қорғаумен қатар, туризмді дамыту, браконьерлікке қарсы күрес турасында да пікір білдірді.
- Кеңестік дәуірде браконьерді ұстаған инспектор немесе аңшыға құқық бұзушының бюджетке төлеген шағым сомасының 37 пайызы заңды негізде төленетін. Мұндай әдістің нәтижесінде инспекторлардың браконьерлерден пара алу фактісі азаяды. Егер олар өз жұмысын орындаса, жақсы табыс табуына болады. Қаржы браконьерлердің қалтасынан төленгендіктен, мемлекет бюджетіне де ешқандай жүктеме түспейді, - деді ол.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Сурет пен бейнежазбаны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
https://youtu.be/6puaHZY6tQQ