©
Бүгін ҚР Жоғары сотының бастамасымен жəне Неміс технологиялық байланыс қауымдастығының көмегімен Маңғыстау облысында халықаралық семинар өтіп жатыр.
Семинар тақырыбы – «Экологиялық заңнаманы қолданудың сот практикасы. ҚР Азаматтық процестік кодексін қолданудағы маңызды сұрақтар».
Оған ҚР Жоғары сотының және Германия Федеративтік Республикасының судьялары, Сот төрелігі академиясының профессорлары, халықаралық, республикалық сарапшылар, ірі компаниялар мен мекемелердің заңгерлері, адвокаттар алқасының, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері қатысты.
Екі күнді қамтитын семинар барысында экология заңдылықтарының мәселелері, оларды сот практикасында қолдану тәжірибелері сөз болмақ. Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық талаптарды сақтау тақырыптары да талқыланады.
Қоршаған ортаға экологиялық заңнаманы бұзу салдарынан зиян келтірген жеке және заңды тұлғалар ҚР Азаматтық Кодексінің 917-бабының 2-тармағына сәйкес келтірілген зиянды өтеуге міндетті. Экологиялық заңнаманы бұзу мүліктік, әкімшілік, қылмыстық жауаптылыққа әкеледі.
Экологияның адам өміріне тікелей əсер ететіні белгілі. Сондықтан бұл мəселе барлық кезде өзектілігін жоғалтпай келеді. Қазіргі кезде облыс төңірегінде тек Қазақстандық қана емес, сонымен қатар, бүкілəлемдік алпауыт кəсіпорындардың өкілдіктері жұмыс істейді. Бұдан басқа мұнай, атом өнеркəсібі саласындағы мекемелер бар. Олардың жұмыс істеуі əрқашан да экологияны ластаумен сабақтасып жататынын алға тартқан Маңғыстау облыстық Сотының Азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы бұл мəселе жоғары деңгейде талқыланып, тиісті қарары қабылданады деп сенеді.
Тағы оқыңыздар: Бұдан былай Маңғыстауда газ мәселесі болмау керек-Германиядан Жоғары əкімшілік соттың судьясы Михайл Цеммер деген əріптесіміз де қатысып отыр. Біз ол кісінің баяндамасынан бүгінгі таңда бұл мəселелер Германияда қалай шешіліп жатқаны, ауаны ластаған, экологияны бұзған мекемелерге қандай шаралар қабылданып жатқаны жайлы білетін боламыз. Жалпы одан хабарымыз бар, дегенмен ол кісінің өз аузынан естігіміз келеді. Жалпы бұл сала көп өзгерісті, жаңалықтарды, жаңа баптарды қабылдауды талап етеді. Сондықтан отырыста осы мəселелердің бəрі көтерілетін болады. Əрине, бір ғана семинар өткізумен бұл мəселенің бəрі шешіле қоймайды. Бұл – жасалып жатқан үлкен жұмыстың бір бөлігі ғана. Қазір еліміздің батысындағы 4 облыстың да судьялары осында. Яғни, өзге облыстардағы сот тəжірибесімен де бөлісетін боламыз. "Қарашығанақ", "Тенгизшевройл" секілді үлкен мекемелер бар. Солардың күнделікті жұмыстарында бұған қалай көңіл бөлініп жатыр, қандай қиындықтар, мəселелер бар, талқылап бірге шешеміз, - дейді Примашев Нұрсапа.
Маңғыстау облысының соттарында биыл жыл басынан бері қоршаған ортаны қорғау жөніндегы талаптар бойынша 6 азаматтық іс қаралып, сот арқылы қоршаған ортаға залал келтірген мекемелерге 600 миллион теңгеден аса айыппұл салынып, мемлекет пайдасына өндірілген.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="36478,36479,36480,36481,36482,36483,36484,36485,36486"]