©
«Маңғыстауда демалу қанша тұрады?» деген журналистің сауалына Ералы Тоғжанов кеңірек жауап берді.
- Мың рет талқылағанша, бір рет келіп көріңіз. Елімізде жалғыз теңіз Каспий саналады. Республиканың тұрғындары дүние жүзі теңіздеріне барып, демалып жүр. Неліктен суға түсу маусымы кезінде Маңғыстауға келіп демалмасқа? Бәріңізді Маңғыстауға шақырамын! – деді Ералы Тоғжанов ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінде.
Ералы Лұқпанұлының айтуынша, Маңғыстауда демалу құны қымбат емес. Теңіз жағасында орналасқан Кендірлі демалыс аймағы тұрғындар үшін қолжетімді.
Тағы оқыңыздар: Бұдан былай Маңғыстауда газ мәселесі болмау керек- Қазақстандықтар өз елінде қандай қасиетті жерлер бар екенін білмейді. Ал Маңғыстауда киелі орын, тарихи жерлер өте көп, - деді аймақ басшысы.
Ал «Tree Of life» демалыс базасында кіру құны күніне – 5000 теңге. Ақтау жағасында жағадағы таза ауамен тыныстап, яхта мен катерде қыдыра аласыз. Қазіргі таңда қонақүйлер өз мүмкіндігінің 50 пайызын пайдаланып отыр. Алдағы уақытта Маңғыстауда 56 объектінің сыртқы көрінісі өзгертіледі.
Айгүл ДӘДЕН