Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасында Ләззат Қиыновтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылғаны туралы жарияланды.
Ләззат Қиынов 2013 жылдан бері Сенат депутаты қызметін атқарып келді.
Ол 1949 жылы 7 желтоқсанда Гурьев облысы Маңғыстау ауданының Таушық кентінде дүниеге келген.
1971 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген.
«Мангышлакнефтепромхим» аумақтық-өндірістік басқармасында бас инженер, Қаражанбас қабаттардың мұнай қайтарымын арттыру және ұңғымаларды күрделі жөндеу бойынша басқарманың басшысы және «Каражанбастермнефть» мұнай қазба басқармасының басшысы, «Мангышлакнефть» өндірістік бірлестігінің бас директоры қызметтерін атқарған.
2002 жылы «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы» ЖАҚ Президенті. 2003 жылдың наурыз айынан 2011 жылдың желтоқсан айына дейін Қазақстан Республикасы энергетика және минералды ресурстар вице министрі болып жұмыс істеді.
1993-1995 жж. және 1999-2002 жж. аралығында екі рет Маңғыстау облысының әкімі қызметін атқарды.