©
2012 жылдың шілде айынан бері "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ тұтынушыларға газ бағасын заңсыз көбейтіп сатып келген. Осыған орай, қостанайлық тұтынушылар шағымы бойынша компанияға тергеу жүргізіліп, заңсыздыққа тосқауыл қойылды.
Тауарлық газ коэффициентін негізсіз арттырған акционерлік қоғамның бірнеше жылдық заңсыз әрекетін монополиямен күрес органы анықтады.
Бес айға созылған тергеу нәтижесінде аталған компания газды қолданғаны үшін есептеу суммасы заңсыз деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сөйтіп Астана қаласы ауданаралық экономикалық сотының шешімімен мемлекетке 13 млн 400 мың теңге айыппұл төледі.
Сондай-ақ, 2012 жылдың шілде айынан бері "ҚазТрансГаз Аймақ" акционерлік қоғамы еліміз бойынша 2 миллион тұтынушыға қарызын қайтаруы тиіс. Енді олар 268 миллион теңгені осы жылдың 18 желтоқсанына дейін өтеуі қажет.