Маңғыстау арқылы темір жолы мен теңіз жолын байланыстырушы Құрық порты бүгінде еліміздің транзиттік әлеуетін арттырып, қазыналы түбектегі қазыналы нысанының біріне айналуда.
Ондағы экспорттық және импорттық жүктердің талапқа сай жөнелтілуі порттық станция қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктеуде. Құрық порты станциясы ашылғанда небәрі 18 маманмен жұмыс басталған болса, қазір штат саны 70 адамға жетті. 48 адам станция қызметінде болса, 16 маман вагон шаруашылығында және 24 машинист бар. Теміржолшылардың 90 пайызын жастар құрайды.
Құрық станциясына жұмысқа қабылданған жас мамандар өзге станцияларда жұмысқа үйреніп, тестілеуден өткесін ғана мұнда жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Қазірде сондай 14 жас маман пойыз құрастырушы, тауар кассирі, құжат өңдеу операторы, жүк қабылдап-тапсырушы бағыттары бойынша Маңғыстау станциясында тәжірибе жинақтауда екен. Маңғыстау станциясы бастығысының шұғыл жұмыстар жөніндегі орынбасары Айбол Есмұқановтың айтуынша, мұның алдында да бір шоғыр жас маман осылай тәжірибеден өтіпті.
— Маңғыстау — аймақтағы бірінші сыныпты екі станцияның бірі. 18 жолы бар, ірі өндірістік станцияда тәжірибеден өткен маман басқа кез келген станцияда жұмысты алып кете алады. Сондықтан Құрықтағы кадрлардың тәжірибе жинауға Маңғыстауға келуі алдымен өздеріне пайдалы. Бұл жерде 1,5-2 ай көлемінде жүріп, талай жылдан бері істің қыры мен сырын меңгерген теміржолшылардан үйреніп, сабақ алады. Құрыққа сыннан өткен таңдаулы мамандарды іріктеп жібереміз,-дейді А.Есмұқанов.
Сол жас мамандардың бірі Ақерке Сақтағанова. Жуырда Маңғыстау станциясында белгіленген мерзімі яқталып, тестілеуден жоғары көрсеткішпен шыққан бойжеткенді енді Құрық станциясында жаңа жұмыс орны күтіп тұр.
Тағы оқыңыздар: Қазақстан мен Ресей Әскери-теңіз күштері арасындағы ынтымақтастық дамуда— 2013 жылдан бері Бейнеу станциясында пойыз қабылдаушы болдым. Құрық порты ашылады деген хабар шыққалы осында ауысқым келетін. Арманым орындалды. Жұмысқа тұрдым. Станция теңіз жағасында, әдемі жерде орналасыпты. Қазіргі жүріп жатқан құрылыстар бітсе, әлі-ақ көзтартар қалашыққа айналары сөзсіз. Мұнда мен сияқты тағы талай тең-құрыбалырым арманына қол жеткізетінін болады. Өйткені Құрық — жай нысан емес, еліміз көз тіккен маңызды экономикалық аймақ. Келешегі қарқынды құрылыс, ал сол келешекті жасайтын біз – жастар емей, кім? -дейді Ақерке.
Шахида ЖҰМАН