©
5 қыркүйек күні Астанада Мемлекеттік жоғары оқу орындары ректорлары лауазымдарына үміткерлерді айқындау бойынша республикалық конкурстық комиссия отырысы болып өтті.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, сұхбаттасулар қорытындылары мен ЖОО дамыту бағдарламаларын талқылау нәтижесінде, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ректорлық лауазымына Б.Б. Ахметов ұсынылған.
Берік Бақытжанұлы Ахметов - техника ғылымдарының кандидаты, халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.
2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің ақпараттық жүйелер мамандығын, 2009 жылы аспирантурасын бітірді.
2010 жылы кандидаттық диссертациясын қорғап, механика-математика факультетінің ақпарттық жүйелер кафедрасының оқытушы, аға оқытушы және доцент қ.а. болып жұмыс істеді.
2010-2011 жж. University of Pierre Mendes (Франция), Alecante university (Испания) университеттерінде тағылымдамадан өткен.
2011-2012 жж. Carl von Ossietzky universitat Oldenburg (Германия) университетінің постдокторантура бағдарламасын бітірген.
2011-2013 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу үдерісі бөлім бастығы және оқу-әдістемелік басқарма бастығы болып жұмыс істеді.
2010-2012 жж. талантты жас ғалым ұлттық стипендиясының иегері.
2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті президентінің жарлығымен оқу-әдістемелік ісі жөніндегі вице президенті болып қызмет еткен.
Сонымен қатар, Атырау мұнай және газ университетіне – Ә.Ә. Әбішев, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне – Г.Т. Алдамбергенова, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне – М.Н. Сарыбеков, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне - Г.Ғ. Ахметова ұсынылған.
Жалпы, конкурстық комиссияға 15 үміткер ЖОО дамыту бағдарламаларын ұсынған. Олар ЖОО Бақылау кеңестерінің ұсынымдары бойынша, 38 үміткердің арасынан іріктелініп алынған.
Комиссияға Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаевтың төрағалық етсе, құрамына ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқармасының төрағасы Ерлан Қарин, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов және т.б. кірген.