Кеше Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері мен Ресей Федерациясы Әскери-теңіз флотының арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту аясында РФ Каспий флотилиясының кемелері бейресми сапармен Ақтау портына кірген еді. Қазақстан тарапы оларды Ақтау қаласының халықаралық теңіз портында салтатантты түрде қарсы алды.
Жасақ құрамында екі кеме "Великий Устюг" шағын зымыранды кемесі және "МБ-58" теңіз буксирі бар.
- Бұл екі ел арасындағы әскери теңізшілердің достығы мен тұрақтылығын арттыруға септік ететін маңызды кездесулердің бірі болмақ. Сапардың бағдарламасына сәйкес келген қонақтардың жергілікті әкімдікте болуы, қаланың көркем орындарын аралауы, сондай-ақ қала тұрғындарының кемелерге саяхаты мен кемелер экипаждары арасында спорттық сайыстар ұйымдастыру қарастырылған, - деп хабарлады осы жөнінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің баспасөз қызметі.
Шахида ЖҰМАН