«Денсаулық фестивалі» аясында Ақтау қаласында 2017 жылғы 9 қыркүйек күні «Жүру – зиян емес. Жүрмеу - зиян» ұранымен жаяу жүру марафоны өтеді.
Марафонға қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады. Жеңімпаздарды бағалы сыйлықтар күтеді.
"Шара аясында ұлттық ойындар сайысы, концерттік бағдарлама және тегін медициналық тексерістер ұйымдастырылады", - деп хабарлайды облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының баспасөз қызметі.
Марафон Ақтау қаласындағы 15 ш/а "САМАЛ" ТК жанынан бастайды, тіркелу уақыты - сағат 08:00-ден басталады.
Марафонға қатысуға ниет білдірушілер ұйымдастыру комитетіне хабарласа алады: тел: 40-01-09, 33-27-22, 40-59-09
Тағы оқыңыздар: ЭКСПО-ның жабылу салтанатына келген қонақтар болашаққа саяхат жасайды