Қазіргі таңда елімізде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы» іске асырылып жатыр. Жаңа бағдарлама кәсіпкерлікте алғашқы қадам жасауға және бизнес-бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда бағдарламаны халық арасында насихаттау, түсіндіру, кәсіпкерлерге кеңес беру жұмыстары жүріп жатыр. Оның бір дәлелі – бүгінгі жиын. Жиынға «Даму» Қорының басқарма төрағасы Абай Серікұлы Сарқұлов, Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Венера Мұстапаева, Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Қытай Құсайынова, «Сбербанк» және Банк ЦенртКредит» банкі өкілдері мен аймақ кәсіпкерлері қатысты.
Басқосуда 2017-2021 жылдарға арналған аталмыш бағдарлама талқыланып, қатысушылар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ, осы бағдарлама бойынша кәсібін қолға алып үлгерген жеке кәсіпкерлер өз тәжірибелерімен бөлісті.
-Менің шағын бизнесім бар. Бұл бағдарламамен ғаламтор арқылы танысып, «Даму» қорына келдім. Мұнда маған арнайы менеджер бөліп берді. Оның көмегімен мен барлық қажетті құралдарды жинап, екі аптаның ішінде банкке тапсырдым. «Сбербанк» маған он күннің ішінде оң шешімін шығарып берді. Мен үшін қиындық туындап, кедергілер кездескен жоқ, - деді Ешманова Набат. Банктен 14 миллион көлемінде несие алған Набат Жұмабекқызы жеке дәріхана ашып, кәсібін дөңгелеткен.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын» іске асыруға 2017 жылы 8,5 млрд.теңге қарастырылып, бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде 5360 адамға кәсіптік оқытуға 1,5 млрд.теңге бөлінген.
Бағдарлама аясында еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға, жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес дуалды оқытуды қолдана отырып, қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтуге мүмкіндік берілді.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 29 жасқа дейінгі жастағы жастар мен жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатыса алады.
Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде жаппай кәсіпкерлікке жағдай жасалатын болады. Аталған бағытқа 2017 жылы 1700 адамды қамту жоспарланып, 5,3 млрд.теңге қарастырылған.
-Бағдарлама аясында кәсіпкерлік негізіндегі оқу сабақтары жүргізіледі. Онымен кәсіпкерлер палатасы айналысады. Палатаға барып оқып, сертификат алуға болады. Егер сіздің айналысатын жобаңыз ауылда, Ақтау, Жаңаөзен қалаларынан тыс жерде орналасқан болса, онда біздің Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорымен байланысасыз. Онда дәл осы бағдарлама бойынша 6 пайызбен несие беріледі. Ал кәсібіңіз Ақтау, Жаңаөзен қалаларында болса, аталған екі банкке барып несие аласыз. Несие алған кезде кепілдігіңіз жеткіліксіз болса, «Даму» қоры 85 пайызға дейін кепілдеме береді, - дейді «Даму» қорының Маңғыстау облыстық филиалының директоры Берік Нұрғалиев.
Несиенің ең жоғарғы сомасы 18 млн.теңге, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 6%-дан аспайды. Несие берудің жалпы мерзімі 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін – 7 жылға дейін мерзімді құрайды. Жоба аясында несие алу біздің аймақта «Сбербанк» және Банк ЦенртКредит» банктері бойынша жүзеге асырылады.
Тағы оқыңыздар: «Жарылғыш зат қойылды» деп жалған қоңырау шалушыға қатысты сот үкім шықты-«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» бойынша несие алып, алғашқылардың бірі болып кәсібін бастап жатқан Ақтау, Павлодар және Семей қалаларының тұрғындары екенін атап өткім келеді. Бұл осы облыстардағы кәсіпкерлердің белсенділігін көрсетеді. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауды, мүмкіндікті орайлы пайдаланып жатыр. «Даму» қорының есебі бойынша кәсіпті қолға алу жөнінен Маңғыстау облысы ортадан жоғары, яғни, өте жақсы көрсеткішке ие болып отыр. Бюджет есебінен биылғы жылға бөлінген қаржыны толықтай игерді. Әлі алда бір тоқсан бар, ал қарастырылған қаржы таусылды. Демек аймақ жоспарды уақытынан бұрын толық орындады, - дейді «Даму» Қорының басқарма төрағасы Абай Серікұлы Сарқұлов.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА