- Жарылғыш зат барын айтып, жалған хабарлаған адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Жаңаөзен қалалық сотының баспасөз қызметі.
Қылмыстық іс Жаңаөзен қалалық сотында қаралды. Іс материалдарына сәйкес, сотталушы С. алкогольден масаң күйде, отбасындағы қиыншылықтардан туындаған күйзеліс жағдайында Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасының жедел басқару орталығының №102 нөміріне қоңырау шалып, «Жаңаөзен қаласы, «Самал» шағынауданында орналасқан «Зиба» сауда ойын-сауықтыру кешені ғимаратының жертөлесінде жарылғыш зат бар, ол 5-6 минуттан кейін жарылады» деп, терроризм актісі туралы қасақана көрінеу жалған хабарлаған.
Тағы оқыңыздар: Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин Ақтаудағы зауыттардың жұмысымен танысты (ФОТО)Сот отырысында С. өз кінәсін мойындайтынын айтып, оның кінәсі түрлі іс материалдарымен дәлелденді.
Жаңаөзен қалалық сотының үкімімен С. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 273-бабымен кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.