©
Бүгін Конституция күніне орай 33-шағын ауданда 500 орындық жатақхана пайдалануға берілді. Жатақханаға шалғай аймақтардан келіп, «Жаңа серпін» бағдарламасымен оқып, өндірістік тәжірибен өтіп жатқан жұмысшы жастар орналастырылады. Бүгінде 20 жас тұрғын жатақханада тұрып жатыр.
Салтанатты ашылу рәсімінде алғаш сөз сөйлеген Ералы Тоғжанов Маңғыстаудың құрылыс жөнінен республика бойынша үшінші орында тұрғанын жеткізді.
[embed]https://youtu.be/fMOjSTnK-3U?list=PLGSGM9pf1rYmfVhHHraeHDM2aC_oYll6k[/embed]- Құрметті ағайын! Ата Заңымыз – Конституция күнін бүкіл қазақ жұрты бірге тойлағалы тұр. Атаулы мереке алдында осындай қуанышты жаңалықтарымыз бар. Елбасы Н.Ә.Назарбаев бір емес, бірнеше рет жастарға көңіл бөліп, жағдай жасау туралы сұрақты күн тәртібіне қойып отыр. Жыл сайын қаншама әр түрлі әлеуметтік салада білікті жас мамандар жетіспей жатады. Осы қажеттілікті ескере отырып, біз жастарымызға арнап, тегін жатақхана беруді қолға алдық. Жақында ғана Құрылысшылар күнінде 100 орындық Жастар үйін пайдалануға бердік, ал бүгін «НКОК» компаниясының қолдауымен ірі жатақхананың тұсауы кесілгелі отыр. Алғашқы қадам ретінде жастарды жататын орынмен қамтамасыз ету – біздің міндетіміз! Осында орналасып үлгерген жастарға қадамдары оң болсын деймін! - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
Жатақхана ғимараты 3 блоктан тұрады, әр блокта 2 және 3 адамдық тұрғын бөлмелер, буфет, жұмыс кабинеттері, жүк сақтау камералары, жиналыс бөлмелері мен қысқы бақ қарастырылған. «НКОК Н.В.» компаниясының Әлеуметтік және инфрақұрылым жобалары бөлімінің басшысы Аубекеров Русланның айтуынша, жастардың жатақханада тұруына барлық мүмкіндік қарастырылған.
- Бүгінгі таңда Қашаған жобасының шеңберінде жергілікті тұрғындардың тұрмыстың деңгейін жақсартуға тікелей жұмсалған қаржы көлемі жарты миллиард АҚШ долларынан асты. Бұл нысан Атырау және Маңғыстау облыстарында соңғы 17 жыл ішінде жүзеге асырған және жалпы құны 525 млн. АҚШ долларын құрайтын 169 жобаның қатарына кіреді, - дейді ол.
Тағы оқыңыздар: Маңғыстау облыстық құрылыс басқармасына жаңа басшы келдіҚалдыбай Рухия Бердібекқызы – Жетібай кентінің тұрғыны. Ол «Айналайын» балаларды дамыту орталығының монтессори және менталды арифметика пәнінің маманы. 1993 жылы дүниеге келген Рухия 11 жылдық мектепте Жетібайда тәмамдайды. Бастауыш сыныптарын даярлаған ол біраз уақыт жұмыс жүріп, кейін «Жаңа Серпін» бағдарламасы арқылы Мәскеу қаласында монтессори және Абакус орталығында менталды арифметика пәндерін игеріп келеді. Сөйтіп, «Айналайын» орталығына мұғалім болып орналасқан Жансая бүгінгі жаңа ғимараттың алғашқы тұрғындарының бірі ретінде орналасыпты. Жатақханамен қамтып, білікті маман болуға мүмкіндік жасаған облыс әкімшілігіне, «Жаңа серпін» ұжымына жастар атынан алғысын білдірді ол.
Жатақхананың тағы бір тұрғыны – Рабаев Ермек Жұмыспен қамту орталығының көмегімен Ақтауға 4 айлық кадр даярлау курсына келіп оқып жатыр. Жаңаөзендік Ермек «Жаңа Серпін» бағдарламасы арқылы өзінің сүйікті ісі дәнекерлеу мамандығын осы аралықта үйренгеннен кейін, жақын күндері жұмысқа орналасатынына сенімді.
Айгүл ДӘДЕН
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="33937,33945,33947,33949,33944,33948,33939,33938,33950,33946,33940,33943,33941,33942"]