©
Маңғыстау облысы әкімшілігінде тағы да ауыс-түйіс. Өңір басшысы Е.Тоғжановтың өкімімен Айдос Хамиев Маңғыстау облысы құрылыс басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.
Хамиев Айдос Таңғалиұлы Ақтау қаласында туған, білімі жоғары. 2006 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін инженер-құрылысшы, Орталық-Азия университетін заң мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы Almaty Management University магистратурасын және Ресей халық шаруашылығы және РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академияларын іскерлік әкімшілік магистрі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы «Бисентин» ЖШС-де құрылыс учаскесінің шебері болып бастады.
2008-2009ж.ж. – Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында тұрғын үй құрылысындағы үлескерлік қатысуды реттеу бөлімінің бас маманы,
2010-2011ж,ж.-ҚР мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, аттестациялау және аккредитациялау департаментінің Астана қаласы құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы істері бойынша сарапшысы, бас сарапшысы,
2011-2012 ж.ж.–осы агенттіктің Астана қаласы құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы істері бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, лицензиялық бақылау және аттестациялау департаменті аттестация басқармасының басшысы,
2012-2015 ж.ж. – ҚР аймақтық даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті директорының орынбасары, Жамбыл облысы,одан кейін Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы болып қызмет атқарған.
2015 ж. - осы уақытқа дейін Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болды.