©
Бүгінгі өткен ТҮРКСОЙға мүше елдер мемлекеттік театрлар жетекшілері Кеңесінің VI мәжілісінде ТҮРКСОЙ бас хатшысы Дүйсен Қасейнов осылай деді.
Мәжіліске Кеңес мүшелері – Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Гагаузия (Молдова) және Кипр елдері театрларының жетекшілері қатысты. Олар атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, жоспарда тұрған бірнеше жобаға тоқталды. ТҮРКСОЙға мүше елдердің ынтымақтастығы, түркі тілдес елдер драматургтарының шығармаларын өз репертуарларына енгізу, театр фестивальдері, бірлескен шығармашылық жобалар талқыланды.
ТҮРКСОЙға (Түркі тілдес елдердің мәдениеті мен өнерін дамыту халықаралық ұйымы) мүше елдердің мемлекеттік театрлар жетекшілері Кеңесі 2011 жылы Түркияның Анталия қаласында құрылған. 2013 жылы Бакуде (Әзірбайжан), 2014 жылы Қазанда (Татарстан), 2015 жылы Марыда (Түркменстан), 2016 жылы Шеки қаласында (Әзірбайжан) Кеңес мәжілістері өткізілді.
- Бүгінгі таңда Түркияда 68 театр бар. Олар жыл сайын 8 фестиваль өткізеді, оның алтауы – халықаралық деңгейде. Оған Қазақстанның театрлары да қатысады. Жалпы театрлар бір-бірімен қарым-қатынас жасауы, қойылым алмасуы қажет. Міне, режиссерлер, директорлар осы төңіректегі мәселелерді талқылауға бас қосып отыр. Оның нәтижесін алдағы уақытта көретін боламыз, - дейді ТҮРКСОЙ бас хатшысы Дүйсен Қасейнов.
Сондай-ақ, бас хатшы өңіріміздегі Н. Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрының жас та болса елдегі алдыңғы қатарлы театрлардың бірі екенін атай келіп, кемшін тұстарын да тілге тиек етті.
-Маңғыстау театрының кемшілігін айтсам, уақыт жетпейді. Негізі репертуар проблемалары бар, содан соң қазіргі тематика аз. Көбіне тарихи қойылымдарды қояды. Жаңа технология, ғаламтор заманында динамикалық қойылымдар, жастарды қызықтыратын спектакльдер болуы керек. Өкінішке қарай, жастар театрға аз барады. Бұл жастардың кінәсі ғана емес, біздің театр қайраткерлерінің де кінәсі. Іздену керек, жас актерлерді шығару керек, - деді ол өз сөзінде.
Мәжіліс барысында Түркі елдері балалар жазуышалырының шығармалары енгізілген «Театр альманағы» үшінші кітабының тұсауы кесілді. Сондай-ақ театр жетекшілеріне Халдун Танердің туғанына100 жыл толуына орай арнайы медаль табысталды.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="33763,33764,33765,33766,33767,33768"]