Бұл туралы облыс әкімі Ералы Тоғжанов тікелей эфирде өз ойын айтты.
- Бүгін Маңғыстау облыстық мәслихатының сессиясы жаңа емхананың жобасы талқыланды. 2018 жылдан бастап бұл құрылыс басталып кетеді. Науқастарды қабылдау бойынша бірқатар мәселе тұр. Әрине, тұрғындарға қызмет көрсетіп жатқан жеке емханалар көп. Дегенмен, 26 және 7-шағын ауданда орналасқан емханаларда кезек саны шамадан тыс көп. Маңғыстауда денсаулық сақтау бойынша мәселе аз емес. Болашақ ұлттың жобасын жүзеге асырамыз десек, денсаулығы мықты ел болуымыз керек, - деген пікірін айтты Ералы Лұқпанұлы.
Сондай-ақ, облыс әкімі кадр мәселесін сөзге тиек етті. Денсаулық саласы бойынша кадр тапшылығы облыста бар. Сол себепті Астрахань медицина университетімен келісім-шарт орнатып, жылдың соңына дейін аталған оқу орнының 300-ден аса түлегін Маңғыстауға алдыртатын боламыз, - деді ол.
Егер кадр мәселесі шешілсе, міндетті медициналық сақтандыру жобасы сөзсіз жүзеге асырылады.
Айгүл ДӘДЕН