©
2018 жылдың бірінші жартысына дейін 8 мектеп салынып бітеді.
Бұл туралы жаңа «Әкім сағаты» бағдарламасында қонақ болған облыс әкімі Ералы Тоғжанов айтты.
- Бір Жаңаөзеннің өзінде жылына 4500 бала дүниеге келеді. Сол себепті күн тәртібінде мектеп салу мәселесі тұр. Мектепті салып қана қоймай, оқу орындарын жаңа техникамен жабдықтау керек. Бұл мәселені алдағы уақытта шешетін боламыз, - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
Сонымен қатар, Ералы Лұқпанұлы интернет желісі толықтай дерлік ауылдық өңірлерде тарамағанын жеткізді.
- 2017 жылдың соңына дейін шалғай аудандарда 100 пайыз интернетпен қамтылады. Бала тәрбиесі, оқу-білім мәселесі - ең негізгі сұрақтың бірі. Болашағымыз – жас балалар Үш кезеңге дейін бөлінетін оқу ауысымы жоқ. Дегенмен, туу көрсеткіші Маңғыстау бойынша 2-орында тұрғандықтан, алдағы уақытта мектеп тапшылығы орын алуы мүмкін, - деген пікірін білдірді өңір басшысы.
Айгүл ДӘДЕН