©
Бүгінгі жанармай бекеттеріне жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында облыс басшысы осылай деді.
Бекет басшыларын сұрақтың астына алған әкім олардан 2016, 2017 жылдардағы қабылданған, сатылған газ көлемі жөнінде толық есеп беруін сұрады. Тексеріс барысында кей газ құю бекеттерінің құжаттары да түгел болмай шықты. Сол себепті облыс басшысы салық комитетіне бекеттерді тексеруді тапсырды.
https://www.youtube.com/watch?v=K0MrnwEUKRw&feature=youtu.be«Алдағы уақытта бекеттерде газ тұрақты түрде бола ма, бір-екі айдан соң тағы да тапшылыққа тап болмаймыз ба?» деген тұрғындардың сұрағы да нақты жауабын алды. «Жоқ, ондай қиындыққа тап болмайсыздар. Бәріне сабыр мен уақыт керек» деп Ералы Тоғжанов халықты сабырға шақырды.
https://www.youtube.com/watch?v=b6xyyiUokwwБүгін қаладағы жанармай бекеттеріне Ақтөбе облысынан қосымша 60 тонна газ әкелінеді. Өңір басшысының сөзінше, газ тасымалдаушы көліктер GPS жүйесімен жабдықталған. Зауыттан жанармай бекеттеріне жеткенге дейін оларды «ҚазГӨЗ» бақылауда ұстайды.
Өңірде өршіп тұрған мәселе мұнымен шешіле ме? Бекеттердегі тізбектелген кезек азая ма? Уақыт еншісінде. Сабырмен күтейік...
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА Бейнежазбаны түсірген автор