©
Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мамандары суға түсуге тыйым салынған теңіз жағалауларына күн сайын тексеріс жүргізеді деп хабарлайды ИнАктау сайты.
Тексеріс нәтижесі көрсеткендей, тыйым салынған және жабдықталмаған аймақтарда суға түсушілер 12 мен 22 жас аралығындағы жастар мен жасөспірімдер екен. Оларға біздің ескертпелеріміз, түсіндіріп айтқанымыз, тыйым салынған деген белгілер, ешқайсысы әсер етпей келеді дейді мамандар.
Олардың хабарлауынша, 2017 жылдың басынан бері 12 адам суға кеткен, ал 21 адам құтқарылған.
«Шора» арнасы бірнеше жыл қатарынан суға түсуге тыйым салынған аймақтардың «қара тізіміне» еніп келеді.
МО ТЖД жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Еділ Есбосыновтың айтуынша, 2003-2017 жылдар аралығында дәл осы арнадан 39 адам ажал құшқан.