Болгария мемлекетінде үстел теннисінен Х балалар фестивалі өтті. Онда Гузель Торшаева мен оның жаттықтырушысы Мақатай Рамазанұлы қола медальға ие болды. Бұл туралы Ақтау теннис орталығының директоры Азат Мангубаев баяндады.
Халықаралық балалар фестивальінде Маңғыстау облысының өрендері өнер көрсетті. Олар балалар мен жасөспірімдер теннис мектебінің оқушылары – Гузель Торшаева (13 жаста), мен Есен Рамазанов (15 жаста).
Гузель финалға өтіп, қола медальді қанжығалады. Ал Есен Рамазанов 12 орынға табан тіреді.
[caption id="attachment_31632" align="alignnone" width="600"] Гузель Торшаева үшінші тұғырда![/caption]-Бұл жарысқа біз дәл осы құраммен екінші рет қатысып жатырмыз. Теннис мектебінің жетекшісі Азат Мангубаевқа және Маңғыстау облыстық олимпиадалық резервін даярлау орталығының басшысы Қанат Озғанбаевқа рақмет. Олар облысымызда үстел теннисінің дамуына көп көңіл бөліп келеді, - дейді Есен мен Гузельдің жаттықтырушылары Мақатай Рамазанұлы.
[caption id="attachment_31631" align="alignnone" width="600"] Мақатай Рамазанов қола медальмен марапатталған сәт[/caption]Үстел теннисінен халықаралық турнирде 60-69 жас мөлшеріндегі ардагерлерлер арасында Мақатай Рамазанұлы да шебер өнер көрсетіп, үшінші сатыдан көрінді.