©
«Қазақтеңізкөлікфлоты» биылғы жылдың алғашқы жартысында тасымалданған мұнай көлемін 3 096 000 тоннаға жеткізді.
Бұл туралы «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.
Нақтырақ айтсақ, тасымалданған мұнай мына бағыттар бойынша бөлінеді:
- Актау-Баку - 182 000 тонна;
- Актау-Махачкала – 154 000 тонна;
- месторождение им. Юрия Корчагина-Баку 591 000 тонна;
- Туркменстан порты – Баку 116 000 тонна.
Бұдан бөлек Қара теңіз бен Жерорта теңізіне шығарылған мұнай көлемі 2 053 000 тоннаны құрады.
Сондай-ақ, осы жылдың екінші жартысында үш дана итергіш-сүйреуіштің (буксир) құрылысы басталады. Ол 2018 жылдың соңына қарай аяқталады деп жоспарланған.