©
Кеше бір жерден Маңғыстауда мемлекеттік қызметте 328 бос жұмыс орны бар дегенді оқыдым. Бұл жақсы емес. Алдағы 3-4 жылда бұл көрсеткіш екі есе өсіп, мемлекеттік қызметте жасайтын адам тіпті қалмауы мүмкін. 1. Жалақы өте төмен. 2. Режимсіз жұмыс. 3. Қағазбастылық. 4. Тым қатал тəртіп. 5. Тексерудің көптігі. 6. Тым қатал талап. 7. Статус жоқ.
Меніңше штат бірлігін азайтып, электронды-цифрлі, онлайн қызметті күшейту керек. Үш-төрт штатты қосып, жалақысын көбейтіп, мемлекеттік қызметкерге кəсіби еркіндік беру керек. Талап пен тексеруді азайту керек. Мемлекеттік қызметкер, мемлекеттік құл емес!
Нұржігіт ХАЙРУЛЛАЕВ, "Фейсбук" желісінен