Тергеу судьясы – қылмыстық іске байланысты әділ сот төрелігінің жүзеге асуының тағы бір кепілдігі. Қылмыстық процестік кодекстің мақсаты – әділ сот төрелігі, үкім, қаулы, басқа да сот шешімдерінің заңды әрі негізгі болуын қамтамасыз ету. Осы ретте қылмыстық істі қараудағы сатылылықты қатаң сақтау саясаты жалғасын тауып отыр. Тағы бір ерекше айтарлығы, қылмыстық процесте айыптаудан қорғау фунциясы жаңа әрі терең мазмұнмен жаңартылып отыр. Барлық сотқа дейінгі және сот кезіндегі қылмыстық іс үрдістеріне қорғаушы адвокаттың міндетті түрде қатысуы айқындалды.
Осылайша қылмыстық істің деңгейі жоғарылаған сайын адвокаттың оған қатысуының қажеттілігі мен маңыздылығы арта түседі. Қорғаушы адвокат өзінің еншісіне тиіп отырған құқықтарды жауап алушылар, тергеушілер, олардың әкімдік жетекшілері, процесуалдық прокурор, прокуратура басшысы мен тергеу судьясымен тең дәрежеде қолданады.
Тергеу судьясының өкілеттігі Қылмыстық-процестік кодекстің 55-бабында тергеу судьясының сотқа дейінгі тергеп- тексеру жұмыстары барысында кездесетін кемшіліктерді жою үшін бірнеше өкілеттік берілген. Ендігі жерде күзетпен ұстау, үй қамақта ұстау, лауазымнан уақытша шеттету, жақындауға тыйым салу, экстрадициялық қамақ мерзімдерін ұзарту, кепілді қолдану, мүлікке тыйым салуды санкциялау тергеу судьясының құзыретіне берілген. Сондай-ақ, күзетпен ұсталынатын адамды сот психатриялық және /немесе/ сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру, бұрын өзіне қатысты күзетпен ұстау қолданылған адамның психикалық ауру фактісі анықталған кезде оны ауруларды қатаң оқшаулау жағдайында ұстауға лайықталынған психиатриялық көмек көрсететін арнаулы медициналық ұйымға ауыстыру, тінтуді санкциялау, алуды санкциялау, мәйітті эксгумациялау, күдіктіге, айыпталушыға халықаралық іздеу жариялау секілді міндет те тергеу судьясына жүктелген.
Қарақия аудандық сотының статистикалық мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылдың 6 айында тергеу судьясымен 30 өтініш түсіп, қаралған. Күзетпен ұстауды санкциялау жөнінде қаралған 4 өтінішхат бойынша шағым түсіп, апелляциялық сот алқасымен шағым қаралып, сот актісі күшінде қалған, 26 өтініш бойынша шағым түспеген.
Күзетпен ұстауды санкциялау жөнінде қаралған 13 өтініштер бойынша жасалған қылмыстың санаты:
- Ауыр қылмыс пен 11 тұлғаға қатысты өтініш, ауырлығы орташа қылмыспен 2 тұлғаға қатысты өтініш қаралған. Үйқамақты санкциялау жөнінде 3 өтініш түсіп, қаралған. Ауыр санатта 2 өтініш, ауырлығы орташа қылмыспен 1 өтініш қаралған.
Күзетпен ұстауды санкциялау жөніндегі материалдар тергеу судьясымен процестік мерзім ішінде қаралған.
Дархан АЛБЫТОВ
Қарақия аудандық сотының судьясы