1 шағынаудандағы №8 «Ақжелкен» балабақшасының ата-аналары тәрбиешілер мен ата-аналардың бірігіп атқарған жұмысын жұртшылыққа үлгі еткісі келеді. Жасыл желекке малынған балабақша аумағында жазғы мезгілдің қапырық ыссылығына қарамастан балалармен түрлі ойындар, танымдық байқаулар өткізіп тұрады.
Мекеме қызметкерлері мен тәрбиешілердің асқан еңбекқорлығының арқасында балабақша түрлі өсімдіктерге бай, гүлдер мен бірге бал арасы, балық секілді жәндіктер де қамқор алақан аясында өсіп, көркеюмен тұр.
Тәрбиешілердің күтіп-баптауының нәтижесінде ертегілік шаһарға айналған балабақша бүлдіршіндері өз бақшасының қызанағын жеуге мүмкіндік алып отыр.
Үміт ЖӘЛЕКЕ