©
Бүгін «Каспий теңізінде жүзу қауіпсіздігінің деңгейін арттыру және теңіз көлігі саласын одан әрі дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Ақтау халықаралық теңіз портында өткен жиында ҚР Бас көлік прокуратурасы, инвестиция және даму министрлігі өкілдері және 20-дан астам мемлекеттік орган қызметкерлері бас қосты. Сондай-ақ, Ресей Федерациясы және Әзірбайжан Республикасы Бас прокуратурасы өкілдері келді.
Шара бас көлік прокуратурасы мен ҚР Инвестиция және даму министрлігінің бірлескен «Каспий» жобасы аясында өтті. Онда Каспий теңізінің экологиялық жағдайы, мемлекеттік бақылау, сондай-ақ, көлік секторлары мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстелде Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов теңізде жүзу қауіпсіздігінің маңызды екенін атап өтті.
Жиынды ҚР Бас көлік прокуроры Әлиханов Марат Тілеуқабылұлы жүргізді. «Қазтеңізкөлікфлот» ЖШС бас директоры Марат Орманов, Ақтау халықаралық теңіз порты» АҚ президенті Абай Турикпенбаев, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі көлік комитеті төрағасының орынбасары Қайриден Нүркенов, сондай-ақ, Әзірбайжан Республикасы Бас прокуратурасы халықаралық байланыс бөлімі басшының орынбасары Анвар Мамедов, Ресей Федерациясы Бас прокуратурасы көлік және кеден саласы заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі бөлімінің прокуроры Линда Лебедева, Теңіз-көлік прокурорының орынбасары Оксана Леонидовна баяндама жасады.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА