Жуық арада қала тұрғындары жаңа сауда-саттық және көңіл көтеру орталығына барып, демалатын болады. Ақтау қаласы 29-шағынаудан аумағында орналасқан «AK KALA MALL» кешені биылғы жылы іске қосылады деп жоспарланған.
«Кешенде барлық қазақстандық әрі әйгілі дизайнерлер киімдері сатылады. «KFC» сынды тез арада тамақтану орталығы ашылады. Кешенде «Марко» атты арнайы супермаркет орналасады. Нарықтық баға ұстанған, түрлі тауарлар түрін ұсынатын супермаркет көптің көңілінен шығары сөзссіз. Қазіргі таңда «AK KALA MALL» әмбебап кешеннің ішкі бедері нақтыланып, ойластырылуда. Біз көпке қолайлы әрі қолжетімді, халыққа жағымды кешенді тұрғызуды көздейміз. Сауда және көңіл көтеру орталығы қаланың ең көрнекі орындарының біріне айналады деген сенімдеміз»,-деді «Golden Bridge Company» компаниясының директоры Медет Ибраев.
Голрох ЖЕМЕНЕЙ
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="30860,30857,30856,30861,30855,30859"]