«Астана Банкі» АҚ қаржылай қолдауымен Ақтау қаласында Led-экрандар орналастырылмақ. «Billboard Video» компаниясының бас директоры Иван Каменский мәліметіне сүйенсек, мұндай медиа-бордтар Алматы қаласында жиі кездеседі. Алматы аумағында 47 Led-экран орналасқан. Олардың атқаратын басты қызметі қала тұрғындарына үздіксіз, әр түрлі ақпарат беру.
«Заман талабына сай жоғары технологияларды қолдану арқылы халықты қажетті ақпармен қамтамасыз етеміз. Led-экрандарда жол кептелістері, ауа райы және валюталар құны туралы ақпарат үздіксіз көрсетіледі. Алматыда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ-мен бірлесе медиа-бордтарда халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекен-жайы туралы ақпарат қамтылды. Сонымен қатар, әуежайлармен бірлескен қызмет нәтижесінде жуық арадағы әуе рейстері туралы ақпарат Led-экрандарда көрсетілді. Сонымен қоса, біз мерекелік күндері айрықша құттықтаулар дайындаймыз. Спорттық іс-шаралар туралы ақпараттар назардан тыс қалған емес»,-дейді Иван Каменский.
Құрылымы күрделі, сапасы жоғары Led-экрандар құны жоғары. Мәселен бір медиа-борд 45 млн. теңгені құрайды.
«Сан түрлі сала бойынша халықты ақпараттандырудың айрықша құралы деп білемін. Түрлі бір реттік көрнекі ақпарат құралдарына, бильбордтарға жұмсалған шығынды үнемдеу жолы. Сол себепті қаржыландыру тетіктерін нақты ойластыру қажет»,-дейді Ералы Тоғжанов.
Голрох ЖЕМЕНЕЙ
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="30848,30847,30849,30850,30851"]