Облыс прокуратурасы «Колонияларда жұмыспен қамтылуы - 2017» жобасын орындау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып, нәтижесінде 2017жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысымен облыс аумағында орналасқан түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілердің 79% жұмыспен қамтылды.
Атап айтқанда, бұл жобаны жүзеге асыру шеңберінде облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментімен бірігіп, облыстық консультативтік-кеңесші органының және облыстық кәсіпкерлер палатасының мүмкіндіктерін пайдаланып, облыс аумағында орналасқан қауіпсіздігі барынша жоғары ГМ-172/6 мекемесінің аумағынан өндірістік цехтар ашуға жергілікті кәсіпкерлерді тартып, қол ақысы арзан жазасын өтеушілерді жұмысқа қабылдау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Тек қана 2017 жылдың 6 айында облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне бағынышты ГМ-172/6 мекемесінің ішінен өндірістік цех ашуға жеке кәсіпкер «Адилжан» және «Есмурзаев» ниет білдіріп, нәтижесінде үш жақты меморандум жасақталды.
Сонымен қатар, 2 сотталған өздерінің ісін ашып, жеке кәсіпкерлік қызметті бастап кетті.
2016 жылдың 31 наурызында аталған жобаға байланысты Маңғыстау облыстық прокуратурасының ғимаратында кіші форум өткізді.
Форумның отырысына облыс аумағындағы барлық мемлекеттік органдар, сол сияқты жергілікті атқарушы органдары, қоғамдық емес ұйымдарының басшылары және бизнес қауымдастықтары шақырылды.
Форумға қатысушылар прокуратураның ғимаратында ұйымдастырылған көрмеде колонияларда өндірілген тұрмыстық бұйымдармен жақынырақ танысты.
08.07.2016ж. Маңғыстау облыстық әкімшілігінің консультативтік кеңесші органының отырысында сотталғандарды жұмысқа орналастыру және түзеу мекемелерінде өндірілген дайын тауарларды сату жолдары талқыланды.
Сонымен қатар, 28.09.2016ж. облыстық прокуратурада Ақтау қаласы және Мұнайлы ауданы әкімдерінің орынбасарларын, облыстық кәсіпкерлер палатасының басшылығын және кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдерін қатыстырып, дөңгелек үстел өткізілді.
Осы кездесуде, «Еңбек-Ақтау» РМК-ның Ақтау филиалы және «Авангард Групп Констракшн» ЖШС-де еңбек етіп жүрген сотталғандармен өндіріс аумағында өндіріліп жатқан тауарлар слайд арқылы көрсетіліп, қала және аудан қажеттіліктері үшін мемлекеттік тапсырыстарды орындауға мүмкіндіктері бар екені көрсетілді.
Аталған отырыста түзеу мекемелерінде өндірілген дайын өнімдерді өткізу мәселелері талқыланып, оны шешу жолдары қарастырылды.
Сотталғандарды жұмыспен қамту сұрақтары өзекті мәселе болғандықтан, осы тақырыпта істеліп отырған жұмыстар туралы әрдайым жарияланып отырды. Яғни, қызығушылық танытатын кәсіпкерлерге, өндірістік цехтар салу үшін жер телімдері тегін берілетіні, шығарылған өнімдермен цехтарды күзетуге күзетші алып шығынданбайтыны, ең бастысы қол ақылары арзан жұмысшыларды жұмысқа қабылдап, нәтижесінде бизнестің басты қағидасы мол табысқа қол жеткізетіні түсіндіріліп отырды.
Онымен қоса, жергілікті атқарушы органдарға колонияларды өндірілген дайын өнімдерді тапсырыс арқылы сатып алу жөнінде хаттар жолданып, нәтижесінде Ақтау қаласы және Мұнайлы аудандық әкімдіктері «Еңбек-Ақтау» филиалы өндірген 100-ден астам қоқыс жәшіктерін,«Б.А.А.» жеке кәсіпкері өндірген 5000м2 брусчатка тастарын сатып алды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығында облыс аумағында орналасқан түзеу мекемелерінде еңбекке қабілетті 408 сотталғанның 321 немесе 79% жұмыспен қамтылып отыр.
Сөйтіп, ҚР Бас Прокуратурасының «Колонияларда жұмыспен қамтылуы - 2017» жобасымен қойылған индикаторға Маңғыстау облысының прокуратурасы қол жеткізді.
Сотталғандарды еңбекке баулып, оларға бостандықта жұмысқа орналасу үшін қоғамда сұранысқа ие жаңа мамандықтарға оқыту шараларыда жүзеге асырылуда.
Ағымдағы жылдың оқу маусымы 1 қыркүйектен бастап, ГМ-172/6 мекемесінің қабырғасында орналасқан кәсіпқой техникалық колледжде наубайшы, тігінші, электрик, слесарь мамандықтарына оқыту көзделіп отыр.
Жалпы атқарылып отырған жұмыстар болашақта жазасын өтеуші тұлғалар бостандыққа маман болып шығып, жұмысқа орналасып, қайтадан қылмысқа барудан аулақ жүріп, қоғамға сіңісіп кетуіне өз септігін тигізеді деген сенімдеміз.
Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасуда.
Маңғыстау облысы прокуратурасының
баспасөз қызметі