Осыдан бір жыл бұрын, 2016 жылғы 15-шілдеде Түркия Республикасында әлем назарын аударған қанды оқиға болды. Бұл күні Түркия халқы өзіне «әлем имамы» атын берген Фетхуллах Гүленнің қарулы күштері мен басқа да мемлекеттік құрылымдарға еніп алған шәкірттері тарапынан жасалған төңкеріс әрекетін бастан кешірді. Аталған оқиғалар Түркия Республикасының тарихында болып көрмеген теңдессіз лаңкестік шабуыл еді. Осы шабуыл нәтижесінде 250 азамат шейіт болып, 2000-нан астам азамат жараланған болатын.
Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тізе біріктірген түрік халқы бүлікшілерге қарсы ерлікпен төтеп берді. Бүлікшілер мемлекеттік құрылымдарды басып алмауы үшін танкілердің алдында қасқая қарсы тұрып алып, өздерінің жанымен де, тәнімен де бөгет жасады. Демокартиядан басқа қарсылықтарға жол бермеген түрік халқы Түркияның болашағына қарулы топтардың емес, халықтың қалауы болатынын дәлелдеп көрсетті. 15-шілде Түркия Республикасының Демократия және ұлттық бірлік күні болып жарияланды
Осы оқиғаның бір жылдығына орай Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Корхан Кюнгерю мырза журналистермен өткізген баспасөз мәслихатында бауырлас елдер әрі басшылар арасында қантөгісті және сатқындық төңкеріс әрекетіне қарсы алғашқы сәттен бастап елімізге ең алдымен тілектестік пен қолдау көрсеткен Қазақстан Президенті, құрметті Нұрсұлтан Назарбаев болғанын атап өтті.
- Осындай қиын кезеңде, достарымыздың қолдауы мен түсіністігіне мұқтаж болғанымызда Қазақстанның бізге жасаған қолдауын жоғары бағалаймыз және алғыс білдіреміз,-деді Корхан Кюнгерю мырза. Бір жыл бұрын Түркияда болған ФЕТО (Фетхуллахшы Лаңкестік Ұйымының) мүшелері болған әскерлерден құралған топтың бастауымен сатқындық төңкеріс әрекетіне қатысқандардың көздегені—Ата заңымыздың үстемдігін және барлық демократиялық құрылымдарымызды басып алу болатын. Қарулы күштер мен басқа да мемлекеттік құрылымдарға еніп алған шәкірттер тарапынан жасалған төңкеріс әрекетінде олар Президент кешенін, Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісін, Ұлттық Барлау Қызметінің штабы орналасқан жерлерін, арнайы операциялар орталығын және өзге де мемлекеттік мекемелерді бомбалады. Төңкерісшілер құрметті президентімізге де қастандық жасауға әрекеттенген, төңкеріс әрекетіне қатыспаған жазықсыз әскери қызметкерлерді өлтірген және елдің демократиясын қорғауға көшеге шыққан азаматтарымызға қарсы өлім оқтарын жаудырған болатын. Төңкеріс әрекеті кезінде әлемге үлгі болатындай қаһармандық қасиетімен қарсы шыға білген халқымыздың, құрметті президентіміз бен Үкіметіміз, әлеуетті құрылымдарымыз, Түркияның қарулы күштерінің көпшілігі отанына, Атазаң құрылымына бағынышты екендігін көрсете отыра, Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің ынтымағы, ұлттық біргілі мен рухани бірлесе әрекет етіп, төңкерісті сәтсіздікке ұшыратқан болатын. Ұшақтан атылған бомбалардың, тікұшақтар мен танкілерден атылған оқтардың нысандары болып, көшелерге шыққан азаматтарымыз төңкерісшілерге қарсы тарихи ынтымақтастық көрсетті. 15-шілде—Түркия демократиясы мен мемлекеті үшін өте ауыр сынақ болған еді. Бұл сынақтан сүрінбей өткен ерлігімізді мақтан етеміз. Сатқындық төңкеріс әрекетінде демократия мен ұлттық егемендікті сақтап қалу жолында шейіт болған барлық азаматтарымызға басымызды ие отырып, құрметпен еске аламыз. Төңкеріс әрекетіне қарсы шығып, жандарын пида етіп, төтеп берген әскерлеріміз бен барлық әлеуетті құрылымдарымызға алғысымызды айта отырып, шейіт болғандарға жатқан жерлері жайлы болуын Алладан тілейміз.
Бүгінде Түркия Республикасының Үкіметі сатқындық төңкеріс әрекетін жоспарлап, дайындаған ФЕТО лаңкестік ұйымының қаупін жою жолындағы заңды қадамдарын жүргізуде. Түркия Республикасының Үкіметі сатқындық төңкеріс әрекетін жоспарлап, дайындаған ФЕТО лаңкестік ұйымының қаупін жою жолындағы заңды қадамдарын жүргізіп жатыр. Төңкеріс әрекетінен соң мемлекеттік органдармыз тез және тиімді жұмыс жасаулары үшін төтенше жағдай жариялаған болатын. Төтенше жағдай ұлттық заңнамамыз бен халықаралық міндеттемелеріміз бағытында жүзеге асып жатыр. Бұл жағдай азаматтарымыздың және елімізге қонаққа келушілердің күнделікті өмірлеріне әсер етпейді. Елімізде сауда-экономикалық, мәдени және туризм салалары өз жұмыстарын жалғастыруда. Біз ФЕТО лаңкестік ұйымымен заңның үстемдік құруы, мораль мен демократия сияқты үш қағидаға сүйене отырып, күресуді әрі қарай жалғастыра беретін боламыз. Әлемдік деңгейде билік пен үстемдік құруды көздеген және әлемнің 150-ден астам елдерінде оқу орындары, үкіметтік емес ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары мен компаниялары бар ФЕТО лаңкестік ұйымының шынайы бет-бейнесін көрсетумен қатар барлық достарымызға осы ұйымның жүргізіп жатқан жұмыстарына қырағы көзбен қарауларына кеңес береміз.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ