Бейсенбі күні Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалы-драма театрда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті. Елбасы саяси-экономикалық ахуалдың ауыр кезеңінде ел шекарасы мен ұлт қауіпсіздігін қорғау бағытында салмақты шешімдер қабылдады. 1992 жылдың сәуір айында Алматы қаласында ТМД елдерінің қауіпсіздік ұйымдары мен барлау қызметтерінің өзара ынтымақтастығы жайлы құжатқа қол қойылды. Ал 1992 жылдың 13 шілдесінде Елбасы ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметін құру жайлы Жарлыққа қол қойды. Бұл ұйымның елге қызмет ету тарихы Президент есімімен тығыз байланысты. Түрлі барлау операциялары Елбасының тікелей басшылық етуімен сәтті іске асты. Олардың ішінде «Сапфир», «Набат», «Виктория» сынды контр-барлау операциялары бар. Отандық арнайы күзеттің басты міндеті - лаңкестік қауіп-қатердің алдын алу. Ұлттық қауіпсіздіктің дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі – тәуелсіз мемлекеттің аралық күзет жүйесін құру еді. Бүгінде қазақстандық шекарашылар еліміздің шекарасын кірпік қақпай күзетіп, лаңкестікке, есірткі мен қарудың заңсыз айналымына, контрабандаға, табиғи қорды талан-таражға түсіруге, заңсыз көші-қонға тосқауыл болып тұр. Өмір сүрудің заман талабына сай салты Ай-Ти технологиялар тарапынан тұтқиылдан болатын шабуылдарға, әртүрлі ақпараттық және кибер-шабуылдарға, радикалды діни ағымдардың таралуына шұғыл шара қолдануды міндеттейді. Тәуелсіздік жылдары отандық арнайы қызмет еліміздің тұтастығы мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді.
Салтанатты шараға ҚР ҰҚК Маңғыстау облыстық департаменті қызметкерлері, ардагерлері мен жергілікті билік өкілдері қатысты. Ең алдымен өңір басшысы Е.Тоғжанов сала майталмандарын мерекемен құттықтап, алғыс хаттар табыстады.
«Бүгін ұлттық қауіпсіздікті сақтауға ел алдында ант берген азаматтардың кәсіби мерекесі. Соңғы 26 жылда еліміз қалыптасу кезеңдерін бастан өткерді. Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жан-жақты жетістіктер мен зор табыстарға қол жеткізді. Туымызды тіктеп, шекарамызды бекемдедік, ел іргесін бүтіндедік. Бүгінде Отанның ортақ туының астында ынтымағы мен достығы, бейбітшілігі мен бірлігі жарасқан тәуелсіз Қазақстан «мәңгілік ел» болудың дара жолына түскен, бейбіт ғұмыр кешкен мемлекет. Елбасының салмақты саясаты аясында зор табыстарға кенелдік. Елде бірлік болмаса, әлеуметтік тұрақсыздыққа, дағдарысқа ұшырайды. Егемендігінен бір-ақ сағатта айырылып, Отанынан кетуге мәжбүр болған халықтар аз емес. Ел тыныштығын кірпік қақпай күзету – асқақ абырой, мерейлі мәртебе. Соның ішінде өңірдегі ұлттық қауіпсіздікті сақтау саласындалғысымызды білдіреміз»,-деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
«Департаменттің құрылу тарихы тәуелсіз Қазақстан тарихымен тікелей байланысты. 1992 жылдың 13 шілдесінде Комитеттің жаңа ұйымдастырушылық құрылымы туралы Жарлыққа Елбасы қол қойды. ҚР ҰҚК Маңғыстау облыстық департаменті Отанға деген адалдыққа, кәсіби біліктілікке, ұжымдық жұмысқа негізделген өзіндік қағидалары мен құндылықтары бар заманауи-кәсіби орган ретінде танылды»,-дейді ҚР ҰҚК Маңғыстау облыстық департаменті басшысы Ерлік Тайжанов.
Сонымен қатар, қайсарлық пен зор жауапкершілік танытқан департамент қызметкерлері түрлі марапатқа ие болды. Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.
Голрох Жеменей
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="30284,30280,30290,30292,30279,30289,30285,30286,30288,30281,30282,30283,30287,30293,30291"]