Ақтауда 3 шілдеден бері ауруханадан шығып кеткен азаматты таба алмай жатыр.
47 жастағы Тазабай Қойшыбаев шілденің 3-і күні түскі 12:00-шамасында Маңғыстау облыстық ауруханасынан шығып кеткен күйі оралмаған. Бұл туралы редакциямызға азаматтың туыстары хабарлады.
Жоғалған азаматтың туыстарының айтуынша, ол ауруханаға жол апатынан кейін түскен. Сол себепті еске сақтау қабілеті нашарлаған. Мойнында катетердің, оң қолының шынтағы мен иығының арасында операциядан кейінгі із қалған. Сол қолының саусақтарында «1970» және «Т.М» деген жазулы татуировкасы бар. Сондай-ақ, сол жақ иегінде шрам бар. Ауруханадан кеткен кезде, оның қолында телефон болған.
Айрықша белгілері: бойы 155 см, тақырбас. Үстіне сұр футболка немесе клеткалы көйлек, қара түсті трико мен тәпішке киген.
Егер Тазабай Қойшыбаевты көрген болсаңыз не болмаса ол туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз келесі телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз: 102 немесе 8 702 296 9143, 8 747 238 0438, 8 778 510 0695, 8 775 132 7997.