Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Каспий битум» БК» ЖШС-де болды. Зауыттың технологиялық қондырғыларының жұмысымен зауыттың бас технологы В.В. Глоба таныстырды.
Зауыт жобалық қуаттылығына сәйкес, жылына 1 млн тонна мұнай өңдеп, 400 мың тонна битум шығара алады. 2017 жылға 700 мың тонна мұнайды қайта өңдеу және 150 мың тонна битум шығару жоспарланған. Биыл жыл басынан бері зауыт 300 мың тонна мұнайды қайта өңдеген. Оның 200 мың тоннасы тұнытылған мұнай болса, 80 мың тоннасы – битум. Өткен жылы Қазақстан шетелден бірде-бір келі битум сатып алмаған.
«Бүгінгі таңда зауыт Қазақстанның батыс өңірлері мен Маңғыстау облысының битумға деген ішкі сұранысын толықтай қамтамасыз етіп отыр»,– дейді зауыттың бас технологы В.В. Глоба.
Зауыт жұмысымен танысу барысында облыс әкімі зауыттың бензин шығару мүмкіндігі туралы да сұрады. «Каспий битум» БК» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Сәкен Өтелбаевтың айтуынша, зауыттың бензин өнімдерін шығаруға да мүмкіндігі бар екен.
Камшат ӘБДІРАЙЫМ Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="29706,29707,29708,29710,29711,29712,29713,29714,29715"]