Бұл туралы бүгін облыс әкімі Е.Тоғжановтың алдында мекеменің жұмысын таныстырған КЖСА» МКК директоры Бақыт Шапқан мәлімдеді.
Бүгін облыс басшысы Ералы Тоғжанов №1 кәріз тазарту имаратында болып, мекеменің мәселелерімен танысты. Аймақ басшысына имараттың мәселелерін баяндаған «КЖСА» МКК директоры Бақыт Шапқанның айтуынша, бүгінгі таңда КТЖ-1 күніне 24 мың текше метрдей кәріз суларын тазартып отыр. 1971 жылы салынған бұл имарат қаланың кәріз жүйелеріне қызмет көрсетуге толық шамасы жетпейді.
«2019 жылы КТЖ-2 іске қосылғанға дейін қолданыстағы кәріз суларын тазарту имаратын ұстап тұру, ағымдағы жөндеулер жүргізу қажет. Бұған былтыр жергілікті бюджеттен 96 млн теңге жұмсалған. Биыл 130 млн теңге мөлшерінде қаражат қажет»,– дейді «КЖСА» МКК директоры Бақыт Шапқан. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов бұл қаражаттың жуық арада бөлінетінін айтты.
Камшат ӘБДІРАЙЫМ Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="29720,29721,29722,29723,29724,29726,29728"]