©
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі «МАЭК Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің №2 сумен қамтудың орталық торабының жұмысымен танысты. Облыс әкіміне станцияның жұмысын бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары-бас инженер И.П. Чернецкий баяндады.
Бұл станцияда теңіз суын қыздыру әдісімен тұшытылған дистилят су мен жерасты минералды сулары араластырылады. Бұдан соң сүзгіден өтіп, қайта минералданып, кальциймен, фтормен қанықтырылып, халыққа ауыз су ретінде ұсынылады. СҚОТ-2 тәулігіне 46 мың текше метр су дайындайды. Оның 34-36 мыңы қаланың қажеттілігін өтесе, 10-12 мыңы қала шетіндегі өнеркәсіптік аймақтар мен демалыс орындарына жіберіледі.
Камшат ӘБДІРАЙЫМ Суретті түсірген автор