©
Астана күні мерекесінде Бейнеу ауданында «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасының шекарасы» автомобиль жолын реконструкция жасау жұмыстары басталды. «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасының шарасы» автомобиль жолы аса маңызды көлік инфрақұрылымдық нысаны болып табылады. Ол Құрық портынан басқа елдерге жүк тасымалдауға мүмкіндік береді. Жолдың екінші категориясы 85 шақырымды құрайды. Ол Өзбекстан шекарасынан басталып Бейнеу ауданынан өтеді. - Өткен жылдың соңынан бастап еліміздің Өзбекстан Республикасымен қарым-қатынасы нығая түсті. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында екі ел арасындағы сауда айналымы 37 %-ға өсті. Республиканың Өзбекстанмен байланыс жолы тек Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданы мен Бейнеу ауданында ғана бар. Бейнеу ауданы Өзбекстанмен теміржол мен автомобиль жолы арқылы қатынас жасайтын еліміздің киелі қақпасы ғана емес, Орта Азияның Ресейге, одан әрі Еуропаға шығатын бірден-бір қатынас жолы. Маңғыстау облысы ірі көліктік логистикалық орталыққа айналып келеді, - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов. Жолдың құрылыс жұмыстары 2018 жылы аяқталады деп күтілуде. Жобаның құны 19,8 млрд теңге. Мердігер «Теміржол Жөндеу» ЖШС-гі. Жоба республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Ералы Тоғжанов автомобиль жолының реконструкция жасау жұмыстары қарқынды жүргізіледі, өйткені бұл Каспий көлік дәлізінде жүк тасымалдауды қамтамасыз ететін маңызды нысан екенін атап өтті.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="29784,29790,29788,29786"]