Парламент Мәжілісінің депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформалар бойынша комитетінің мүшесі Балайым Кесебаева жұмыс сапарымен Маңғыстау облыстық прокуратурасының қызметкерлерімен кездесті.
Облыс прокурорының орынбасары Асқар Досекенов прокуратура ұжымына арнайы келген Балайым Кесебаеваны таныстыра келе, жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында, Парламент Мәжілісінің депутаты Балайым Кесебаева Конституцияның 83-бабы мен Прокуратура туралы заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға кеңінен тоқталып өтті.
Сонымен қатар, «Ұлт жоспары 100 нақты қадам» Елбасы Жолдауының 27-ші қадамы жеке меншік сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту қажеттігін де айтып кетті.
Жаңа Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар барлық қызметкерлер арасында зерделеніп, оқылып жатқаны және жаңа Заң талаптарының орындалысы мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыс прокурорының аға көмекшісі М.Көшбаев пен Түпқараған аудан прокуроры А.Абдуллаевтың баяндамалары тыңдалды.
Кездесу соңында, Асқар Досекенов прокуратура туралы Заңын іске асыруға жеке қызығушылығы үшін, өзінің және облыс прокуратурасының ұжымы атынан Балайым Кесебаеваға алғыс білдірді.
Біз бірге, аймақтағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, заң үстемдігін нығайту да үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады деп сенемін – деп сөзін аяқтады.
Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="29692,29691"]