Тәртіп сақшыларына "пара" ұсынса...
[ 2017 ] 22 маусым, 11:57 | Жаңалықтар
Мұндай жағдайда жолдағы және қоғамдағы тәртіпті қадағалаушы инспекторлар қалай әрекет ету керек немесе өздері соған жол беретін болса оның салдары қалай болмақ? Бұған заң не дейді, дәстүрлі діндегі үкімі қалай?
Осы сұрақтарға жауап беріп, қоғамды іштей ірітетін осы бір "дертке" қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында Ақтау қалалық ауған соғысы ардагерлерінің "Боевое братство" қоғамдық бірлестігі Ақтау қалалық ішкі істер басқармасы жол патрульдік полициясының қызметкерлерімен тиісті сала өкілдерінің кездесуін ұйымдастырды.
Басқосу ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы әлеуметтік тапсырысын және және облыстық жастар саясаты басқармасының "Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға өз үлесімізді қосайық" жобасын жүзеге асыру аясында өтті.
Онда аталған департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Ербол Жұмабай, Мұнайлы ауданындағы орталық " Ар-Рахман" мешітінің ұстазы Осман Абдирханов, "Туған ел" қоғамдық бірлестік төрағасы Ерсұлтан Кемаладдинов көтеріліп отырған мәселеге орай сөз сөйлеп, пікір алмасты. Сондай-ақ тақырыпқа сай сауалнама алынды.
Шахида Жұман
881
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.